Шетелдіктер қазақтың ұлттық ойындарын мойындап жатыр

Бұл туралы бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Бекболат Тілеухан айтты.

«Ұлттық Олимпиада комитетіне мемлекеттік бюджеттен қаражат алу құқығы берілмек. Саралау қағидаларына негізделе отырып, олимпиадалық спорт түрлері бойынша федерациялар арасында ақша бөлінеді ғой. Ендеше жоғары жетістіктері бар ұлттық спорт түрлерін осы саралау нәтижесі бойынша спорттың басым түрі деп айқындауға болады. Қазір америкалықтар көкпар тартып жатыр, бір жарым миллиард қытайлар біздің аударыспақты мойындады. Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы құрылғанын білесіздер. Ресей, Қытай, АҚШ қазақтың ұлттық спорт түрлерін мойындап жатыр», — деген депутат Мәдениет және спорт министріне ұлттық спорт түрлеріне де көңіл бөліп, қаржыландыру қажеттігін алға тартты.

Өз кезегінде министр де тек олимпиадалық спорт қана емес, ұлттық спорт түрлерін дамыту да ерекше назарда екенін атап өтті.

ДереккөзSputniknews.kz

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Вице-министр Абай облысындағы өрт неге әлі сөндірілмей жатқанын түсіндірді

Төтенше жағдайлар министрінің бірінші орынбасары Ибрагим Күршімбаев Абай облысындағы ормандағы өрт неге әлі сөндірілмей жатқанын түсіндірді.

Елімізде алдағы үш күнде күн құбылмалы болады

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 30 мамыр мен 1 маусым аралығында ауа райы қандай болатынын жариялады. 

Алматыда тұрғын үйдің төбесіне заңсыз салынған ірі құрылыс сүрілді

Алматыда тұрғын үйдің төбесіне заңсыз салынған ірі құрылыс сүрілді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

ТЖМ: Елімізде 121 өрт сөндіру депосын салу қажет

Халық саны 10 мың адамнан асатын 188 елдімекеннің тек 150-де мемлекеттік өртке қарсы қызмет бар.

Ақша айырбастау орындарында доллар қаншадан саудаланып жатыр?

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 442-447 теңгеден саудаланып жатыр.

Зейнеткерлер 1 шілдеден бастап БЖЗҚ-дағы барлық жинақ ақшасын шеше алады

Зейнеткерлер зейнетақы жинағындағы ақшасын үй сатып алуға немесе емделуге ала алады. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.