Darkhan Juzz-дің денесі Алматыға жеткізілді

Оны әйгілі Батырхан Шүкеновтың зиратының жанына, Кеңсай-2 зиратына жерледі. Жерлеу мұсылман әдет-ғұрыптарына сәйкес өтті. Молда Құран оқып, қайтыс болған адамның жақсы қасиеттерін айтты.

Сонымен қатар бүгін кешкі сағат 18:00-де музыканттың құрметіне Арбатта концерт ұйымдастырылады.

Darkhan Juzz
Фото: Zakon.kz

Еске салайық, 24 ақпанда қазақстандық музыкант Дархан Жүнісбеков қайтыс болды. Әнші Darkhan Juzz лақап атымен танымал еді. Ол Тайландта жалға алған мопедімен жол апатына түскен. Әншінің аяқталмаған альбомы жарыққа шығады.