Darkhan Juzz-дің денесі 28 ақпанда Алматыға жеткізіледі

Біз марқұм жерлесіміздің туыстарымен, сонымен қатар оның продюсерімен байланыстамыз. Мәйіт ертең Пхукеттен Алматыға жеткізіледі. Тасымалдаудың барлық шығынын Air Astana әуекомпаниясы өз мойнына алды. Продюсердің айтуынша, көмек жинау бірінші күні жарияланған, бірақ кейін олар өзгерістер енгізген, олар жиналған барлық қаражатты қайтыс болған жігіттің туыстарына аударады. Мәйітті жеткізу үшін ақы алынбайды, — деді ҚР сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.

Еске салайық, 24 ақпанда қазақстандық музыкант Дархан Жүнісбеков қайтыс болды. Әнші Darkhan Juzz лақап атымен танымал еді. Ол Тайландта жалға алған мопедімен жол апатына түскен. Әншінің аяқталмаған альбомы жарыққа шығады.