Басты бетЖаңалықтар"Хаос орнауы...

«Хаос орнауы мүмкін». Белгілі ғалым Қазақстанға төніп тұрған қауіптерді атады

«Президенттің 7 жылға сайлануына біреулер күдік келтірді. Азаматтар қазір сезініп жатыр. Кеше биліктен айырылып қалған адамдар қиындықтарға апаруы мүмкін. Бұл елді хаосқа ұрындырар еді. Қасымызда бізге тырнақшаның ішінде «тілектес» ел бар. Әрқашан бізге «жер берген» болып, «мұраға көп нәрсе қалдырдық» деуден жалықпайды. Оны депутатына да, басқасына да ашық айтқызады. Жымысқы көршілер де аз емес. Қазақстанда сол елдердің мүддесі өте күрделі жағдайда тұр. Сондықтан Президент Тоқаевтың нартәуекелі бізге келешекке сенім арқалатады, үміт сылайды», — дейді ғалым.

Сонымен бірге ол Қазақстанда Қаңтар оқиғасының қайталануы, Назарбаевтардың билікке оралуы қаупінен бөлек діни сын-қатер бар екенін айтады.

«Біздің аумақта бірлігімізге, дәстүрлі дінімізге қауіп төндіретін діни топтар бар. Оның сыртында мемлекеттен биік ұғымдарды құрайтын қаржылық ұйымдар да тұр. Олардың да кез келген мемлекетті жойып жіберуге, билік орнатуға мүдделі жерлері болады. Содан да сақтануымыз керек. Қазақстандағы қаржылық топтар оның қасында ойыншық болып қалады», — деп пікір білдірді Дихан Қамзабекұлы.

Профессордың пікірінше, қазір Қазақстанның өз даму жолы бар.

«Қазақстан біраз уақыт дел-сал күйде болды. 7-8 жыл бұрын өте қиын кезеңдерді өткеріп жатты. Биліктің айналасындағы отбасылық проблемалар болды. Біздің бағытымыз қай бағытта өрбиді деп қам жедік… Ал қазір бағыт айқын. Ол Еуропа да, Ресей де, Қытай да, Шығыс та емес. Ендігі кезекте мақтангершілік, өтірік есеп болмайды», — деді бұған қатысты ғалым.