Мемлекеттік қызметте жүрген зейнеткерлер жұмыстан шығарылады

«Түрікменстанның балама жаңалықтары» басылымының жазуынша, зейнеткерлерді жұмыстан шығару Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымухамедовтің 2016 жылғы 4 қарашадағы үкімет отырысында айтқан тапсырмасы бойынша жүзеге асып жатыр. Басылым сонымен бірге Түрікменстанның туризм жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасы Сердар Чолуковтың «зейнет жасына жеткен қызметкерлерді тиісті зейнет демалысына шығарып салыңдар» деген бұйрығын жариялаған.

Мемлекеттік құрылымдардағы жаппай қысқарту тек зейнеткерлерге қатысты емес. 2016 жылы елдің мұнай-газ саласындағы кәсіпорындарда жұмыс орындары қысқартылған.

Сарапшылар зейнеткерлерді жаппай жұмыстан шығару отбасыларды нәпақасыз қалдырып, тұрмыс жағдайын одан сайын ауырлатуы мүмкін дейді. Түрікменстанда жастардың дені жұмыссыз. Көптеген отбасы үлкен буынға материалдық жағынан тәуелді.

ДереккөзCentralasian.org