Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда сүт...

Қазақстанда сүт бір жылда 33%-ке қымбаттады

2022 жылы саладағы өндіріс көлемі 573,3 мың тоннаға жетіп, 2021 жылдың көрсеткішінен 6,2%-ке асты.

Өңірлер арасында өңделген сұйық сүт пен қаймақ өнімдерінің өндірісі Солтүстік Қазақстан (185,8 мың тонна), Алматы (99,2 мың тонна), Ақмола (82 мың тонна) және Қостанай (69,5мың тонна) областарында артқан.

Қаңтар қорытындысы бойынша, елде сүт ай сайын 1,4%-ке қымбаттап отырған. Бұл — 2022 жылғы қаңтардағы қымбатшылық қарқынынан екі есе жылдам (0,7%).

2023 жылғы қаңтардағы сүт бағасы 2022 жылғы қаңтарындағы сүт бағасынан 32,9%-ке жоғары болып шықты. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, мұндай қымбаттау қарқыны 2011 жылдан бергі рекорд болды, — деп жазылған Energyprom.kz сараптамасында.

Ресурс мәліметі бойынша, майлылығы 3,2-4% деңгейіндегі пастерленген сүт қатты қымбаттаған – 31,2%. Қаймақ өнімдері 30%-ке, ал майлылығы 2,5% болатын пастерленген сүт 28,8%-ке қымбаттаған.

Өңірлер арасында майлылығы 3,2-4% деңгейіндегі пастерленген сүт бағасы әсіресе Алматы (43,5%), Солтүстік Қазақстан (43,3%) және Жетісу (36,2%) облыстарында айтарлықтай өскен.