Аманаттықтар кәсіпкерлермен кездесті

Партияның басты мақсаты – елді дамытып, халықтың әлеуетін артыру. Әрбір кәсіпкер мемлекеттің қолдауын сезуі қажет. Қиындық пен кедергіге тап болған әр азаматтың мәселесі біздің назарда болады. AMANAT партиясы шағын және орта бизнестің қарқынды дамуына ерекше назар аударып отыр. Себебі дәл осы сектор — экономикалық дамудың қарқыны мен жұмыспен қамту деңгейінің маңызды драйвері. Сондай-ақ бұл азаматтардың әл-ауқатының артуына оң ықпал етеді.

Amanat баспасөз қызметі

Бүгінгі таңда өңірде 92,6 мыңнан астам шағын және орта бизнес субьектіcі бар. Онда 133,3 мыңнан астам адам еңбек етеді. Қазір мұндағы шығарылатын өнім мен қызмет көлемі 311 миллиард теңгеден асады. Әйтсе де, бұған тоймейілсуге болмас. Сол себепті бұл саланың дамуы үшін қаржыландыру мәселелеріне айрықша көңіл бөлініп жатыр. Алдағы 5 жыл ішінде жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес кәсіпорындарының санын ұлғайту көзделіп отыр. Осылайша, олардың саны 2027 жылға қарай 97 мыңға жетеді. Ал бұл салада жұмыспен қамтылғандар саны 147 мың адамға дейін өседі, — деді Асқар Абдуалы.

Кездесу соңында штаб мүшелері мен кандидаттар қала тұрғындарын наурыз айында өтетін сайлауда халықтың аманатын арқалаған «AMANAT» партиясын қолдап, дауыс беруге шақырды.

Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарын сайлауда партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.