Шымкентте ер адам қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасады

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, бүгін сағат 14:40 шамасында Иляев-Рысқұлбеков көшелерінің қиылысында орналасқан қару-жарақ дүкенінің дабыл түймесі іске қосылды.

Оқиға орнына бірден қауіпсіздік агенттігінің қызметкерлері барды. Көшеде атыс басталған. Қару асынған ер адам күзетшіні жаралаған. Ер адам полиция көлігін басып алмақ болған. Бірақ тәртіп сақшылары оны ұстап алды.

Ұсталған ер адам – Өзбекстан азаматы. Шымкентте жалдамалы пәтерде тұрады. Одан шолақ мылтық және ұрланған Сайга карабині тәркіленді, — делінген хабарламада.

Қазір оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталады.