Жамбыл облысында қару-жарақ сақталған орын табылды

Жамбыл облысының полициясы Төле би ауылында бос қалған ғимараттың ішінен қару-жарақ арсеналын тапты.

Жартылай автоматты тегіс ұңғылы Mossberg мылтығы, екі тегіс ұңғылы ИЖ-16 мылтығы, екі ұңғылы ТОЗ-16 екі шолақ мылтық, төрт ұңғылы ПБ-4 Оса тапаншасы, Револьвер Reg agent газ тапаншасы, ПМ тапаншасы, жарық дыбыстық гранаталар мен оқ-дәрілер тәркілеп алынды. Табылған ПМ тапаншасы қаңтар оқиғалары кезінде полиция департаментінің қоймасынан ұрланған, — делінген хабарламада.

Барлық дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот-баллистикалық сараптамалар жүргізіліп жатыр.

Полицияға қару-жарақ пен оқ-дәрілерді өз еркімен тапсыру, сонымен қатар қару-жарақ жасырылған жер туралы мәліметтерді хабарлау, егер құқық бұзушылықтарға қатысы болмаса, заңмен қудаланбайтындығын ескертеміз. Есімі жарияланбайтындығына кепілдік береміз, — деп хабарлады полиция.