Басты бет / Жаңалықтар /
кептеліс, жол ережесі, көліктер, ауа райы, полиция
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

ІІМ: Жол ережесін бұзатындарды жаңа бағдарлама тіркейді

Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек парламент сенаты депутаттарын қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасының әзірленіп жатқан жобасы туралы мәлімдеді.

Депутаттарға жол қозғалысы ережесін өрескел бұзатындарды анықтау бойынша «Қорғау» жүйесі жұмысының ерекшеліктерін айттық. Бағдарлама көше камераларының мәліметтерін талдай отырып, жақын маңдағы полицейлердің планшетіне қауіпті жүргізушінің келе жатқаны туралы сигнал береді, — деді Шұғыла Тұрлыбек.

«Қорғау» көмегімен тәртіп бұзушылардың 18 мыңға жуық көлігі айып алаңына қойылып, жалған нөмір қолданудың 909 дерегі анықталды. Көлік жүргізу құқығы жоқ немесе бұрын құқығынан айырылған үш мыңнан аса жүргізуші ұсталған.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram