Елімізде қос азаматтығы үшін 841 адам жазаланды

Былтыр қос азаматтығы үшін 841 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылса, 138-і сот шешімімен елден шығарылды, қалғандарына айыппұл салынды, — деді Шұғыла Тұрлыбек.

Кейінгі бес жылда азаматтық заңнаманы бұзғаны үшін 3 515 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып, оның ішінде 3 000-ға айыппұл салынып, 473-і елден шығарылған. Барлығынан Қазақстан азаматтығы алынды.

Заң бойынша қос азаматтығы бар фактіні жасырғаны үшін 200 АЕК-ке (690 000 теңге) дейін айыппұл не Қазақстан аумағынан шығару жазасы қарастырылған.

Биыл қос азаматтық фактілерінің алдын алу үшін екінші азаматтығын жасырғандарға жауапкершілікті қатаңдату үшін заңнамалық актілерге түзетулер енгізу жоспарланып жатыр, — деп толықтырды ІІМ өкілі.

Айта кетейік, өзге елдің азаматтығын қабылдағаннан кейін 30 тәулік ішінде азаматтығын жоғалтуды тіркеу үшін Қазақстанның консулдық мекемесіне жүгіну керек.