Таразға 14 елдімекен қосылады

Биыл Таразға 14 елдімекен мен қала маңындағы екі аудан кіреді. Бұл — Байзақ пен Жамбыл аудандары.

Қаланың бас жоспарын үкімет бекітсе, 44 мыңнан аса ауыл тұрғыны қалалық болады. Ал облыс орталығының аумағы 30 мың гектарға дейін кеңейеді.

Қала 2025 жылға қарай екі әкімшілік орталыққа бөлініп, оларда бөлек әкімдіктер құрылады. Қаланың ұлғаюы жаңа үш шағынауданының құрылуына мүмкіндік береді. Олардың құрылысы 2023 жылдың аяғында басталады деп жоспарланған.

14-шағынауданға 64 көпқабатты үй салуды жоспарлап отырмыз. Бұл коммерциялық тұрғын үй болады, биіктігі 7 қабаттан 12 қабатқа дейін. Жаңа мектеп саламыз. Биыл алғашқы үйлерді сала бастаймыз. Бүгін аукционға құжаттарды дайындап жатырмыз, сол жерге инвестор тартқымыз келеді, — деді Тараз әкімі Бақытжан Орынбеков.