Мәжіліс пен мәслихатты сайлау: үгіт-насихат кезеңі басталды

Бұл кезең 18 наурызда сағат 00.00-ге дейін жалғасады. Бұдан соң бір күн «тыныштық күні» болады.

Орталық сайлау комиссиясы мәжілісті сайлауға арналған бюллетеньдегі партиялар атауының ретін анықтау үшін партиялар арасында жеребе тастау рәсімін өткізді.

Айта кетейік, мәжіліс пен мәслихат 2023 жылғы 19 наурызда сайланады.