Биыл жеті мың шақырым республикалық маңызы бар жолдар жөнделеді

Кейінгі 3 жылда сегіз мың шақырымнан астам республикалық маңызы бар жолдар салынды әрі жөнделді, сонымен қатар 9,5 мың шақырымнан астам жергілікті маңызы бар жолдар жөнделді. Нәтижесінде, стандартты жағдайдағы жолдардың үлесі республикалық желіде 91%-ке дейін, жергілікті желіде 85%-ке дейін артты. Биыл жеті мың шақырым республикалық маңызы бар жолды және үш мың шақырым жергілікті желілерді қайта салу және жөндеумен қамту жоспарланды, — деді Роман Скляр.

Бұдан бөлек ол бірқатар ауқымды теміржол жобалары да жүзеге асырылатынын айтты.

Жоспарланған шаралардың нәтижесінде транзит көлемі 30%-ке артады. Жалпы заманауи көлік инфрақұрылымын құру еліміздің транзиттік әлеуетін арттырып, аймақтардың байланысын жақсартады, — деді үкімет басшысының бірінші орынбасары.