Алматыдағы Абай даңғылы қала шекарасына дейін жетеді

Әкімнің айтуынша, Наурызбай ауданының жол-көлік инфрақұрылымын дамыту мәселесі өзекті болып отыр.

Биыл «Ақжар» және «Шұғыла» шағын аудандарындағы 20 көше бойына 16,4 шақырым жол салынып, 21 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Жыл соңына дейін Абай даңғылын қала шекарасына дейін ұзарту жұмыстарын аяқтауды жоспарлап отырмыз. Қазір жер телімін сатып алу және алып қою жұмыстары жүріп жатыр. Осы айда А.Жұбанов көшесін Б.Момышұлы көшесінен қала шекарасына дейін ұзарту жобасына қатысты мемлекеттік сараптаманың қорытындысы шығуға тиіс, — деді қала әкімі.