Алматының Наурызбай ауданында екі емхана мен дәрігерлік амбулатория салынады

Ауданның жоғарғы бөлігінде емдеу мекемелері жоқ. Сонымен қатар инфрақұрылымды дамытудың жылдам қарқынын және аудан халқының жыл сайынғы 10-12 мыңға өсуін ескере отырып, Алматы әкімдігі 500 келушіге арналған 2 жаңа емхана мен 200 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория салуды жоспарлап отыр, – деді Ерболат Досаев.

Қала әкімінің айтуынша, «Ақжар» ықшам ауданында 200 орындық дәрігерлік амбулатория құрылысына жобалық-сметалық құжат әзірлену үстінде. Құрылыс жұмыстары 2023 жылдың 1-тоқсанында басталады.

«Құрамыс» ықшам ауданында емхананың жобалық-сметалық құжаты әзірленді. Құрылыс 2023 жылдың 2-тоқсанында басталады.

Ал «Шұғыла» ықшам ауданы бойынша емхананың жобалық-сметалық құжатын әзірлеуге конкурс жарияланады. Құрылыстың басталуы 2024 жылдың 1-тоқсанына жоспарланды.