Кахраманмараш, Османие, Хатай, Килис, Газиантеп, Диярбакыр, Шанлыурфа, Адана, Адыяман, Малатья және Элязыгте жер сілкіністері салдарынан жалпы 38 044 адам қаза болған, — делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, бірінші жер сілкінісінен кейін аймақта 4,7 мыңнан астам қайталанған жер сілкінісі болды.
Айта кетейік, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы жеті балдан асатын екі жер сілкінісі болды (жергілікті уақыт бойынша 04:17-де – 7,7 балл және 13:24-те – 7,6 балл). Дүмпу елдің 10 провинциясында, сонымен қатар шекаралас Сирияда да сезілді.
