Түркістан және Жамбыл облыстарын жалғайтын жол жабылды

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының мәліметінше, «Алматы-Ташкент-Термез» тасжолының Айша бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейінгі аралығында және Жамбыл облысының шекарасынан Машат ауылына дейінгі аралығында қозғалысқа шектеу енгізілген. Мұнда көліктің барлық түріне жүруге рұқсат жоқ.

Бұл жол бөліктері Жамбыл және Түркістан өңірлерінде орналасқан. Жолды жабуға ауа райының нашарлауы себеп болып отыр.

Республикалық тасжолдарды күтіп ұстау жұмысына 540 арнайы техника мен 1 050 қызметкер жұмылдырылды.