Алматылық оқушылар үшін сайттардың «қара тізімі» жасалады

Бұған дейін әлеуметтік желіде мектептердің бірінде оқушылар порнографиялық ролик көрді деген видео тараған.

Биліктің қажетсіз сайттарды бұғаттау бойынша қабылдаған шараларына қарамастан, күн сайын жаңалары пайда болады. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша білім басқармасы бұйрық қабылдады. Оған сәйкес «Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығы» осындай сайттардың «қара тізімін» қадағалап, қалыптастыруға міндеттелді. Тыйым салынған сайттар School net корпоративтік желісіне енгізіледі. Бұл оқушылардың жағымсыз контентке қол жеткізуін барынша азайтуға мүмкіндік береді, — делінген хабарламада.