Қазақстандық құтқарушылар Түркияда іздеу-құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр

Қазақстандық құтқарушылар Түркияда іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізе бастағалы жеті адамды құтқарып, медицина қызметкерлеріне тапсырды. Сонымен қатар қайтыс болған 80 адамның денесін үйінді астынан шығарды, оның жетеуі балалар. Қазіргі уақытта қазақстандық құтқарушылар іздеу-құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр, — делінген хабарламада.

Газиантеп қаласында бірінші эшелонмен барған құтқарушылар тәулік бойы екі ауысымда екі учаскеде жұмыс істеп жатыр.

Құтқарушылардың бір тобы тоғыз қабатты ғимаратта жүр. Ғимарат толығымен қираған, үйінділердің астынан төрт адам құтқарылды, 22 адамның денесі шығарылды. Құтқарушылардың басқа тобы алты қабатты ғимаратта жұмыс жүргізіп жатыр. Ғимарат толығымен қираған. Үйінділердің арасынан 24 адамның денесі шығарылды, — делінген хабарламада.

ТЖМ құтқарушылары
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің екінші эшелонмен барған құтқарушылар Түркияға келген сәттен бастап Нурдагы қаласында іздеу-құтқару жұмыстарын тәулік бойы жүргізіп жатыр. Толығымен қираған ғимаратта қазақстандық құтқарушылар адамдардың орналасқан жері мен жай-күйін анықтау, үйінділер астында зардап шеккендермен аудио байланыс орнату бойынша жұмыс жүргізді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да