Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы белгіленді

Атап айтқанда, 1 доллардың құны – 452, 43 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы — 6,14 теңге.

13 ақпан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,51 теңгеге өсіп, 452, 33 теңге болған. Ресей валютасы 6,16 теңге болды.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 452 – 455 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар 451,5– 456 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 6,05 – 6,3 теңгеге сатып алуға болады. Астанада көрші ел валютасы 6,1-6,16 теңгеден саудаланып жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да