Сайлау алдындағы үгіт материалдарын жариялау үшін интернет-алаңдарды ұсыну шарттары

«Baribar Media» ЖШС-нің https://www.baribar.kz/ сайтында 2023 жылдың 19 наурызына белгіленген партиялық тізімдер бойынша, бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша парламенті мәжілісінің және мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт материалдарын жариялау үшін интернет-алаңды ұсынуының жалпы шарттары.

«Baribar Media» ақпарат агенттігінің (бұдан әрі – Сайт) меншік иесі «Baribar.kz» ЖШС «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес партиялық тізімдер бойынша, бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің және мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт материалдарын жариялау үшін Сайтта интернет-алаңдарды беру шарттары мен тәртібі, төлемақы мөлшері туралы хабарлайды.

Партиялық тізімдер бойынша, бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша парламент мәжілісінің және мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау алдындағы үгiті 2023 жылғы 18 ақпанда сағат 18.00-де басталып, 2023 жылғы 18 наурызда сағат 00.00-ге дейін жалғасады. Осылай, үгіт материалдары Сайтта көрсетілген мерзімде жарияланады.

Сайт интернет-алаңды жазбаша өтініш және Сайттың меншік иесі мен кандидат не кандидаттың уәкілетті өкілі арасында жасалған шарт негізінде ұсынады. Үгіт материалдарының саны мен жарияланатын кезеңі кандидаттың немесе оның уәкілетті өкілінің жазбаша өтінішінде көрсетіледі, олар кейіннен шартта бекітіледі.

Өтініш кандидаттардың өтінішін тіркеу журналында кезектілік тәртібімен әр жазбаша өтінішке реттік нөмірі мен келіп түскен күнін беру арқылы тіркеледі. 

Жазбаша өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуге тиіс:

  1. кандидаттың тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
  2. кандидат өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі;
  3. өтініш берген тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі;
  4. шарт жасасу үшін тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттар. 

Кандидаттардың үгіт материалын Сайтта жариялау кезектілігі жазбаша өтініштердің түсу тәртібімен, не өтініштер бір мезгілде келіп түскен жағдайда жеребе бойынша белгіленеді. Жеребе өткізу тәртібі мен шарттарын Сайт айқындайды. 

Үгіт материалдары Сайтқа жарияланатын күнінен 1 (бір) жұмыс күні бұрын берілуі керек. Үгіт материалдарындв ақпарат ұсынып отырған тұлғаның тегі мен қаржыландыру көзі туралы визуалды ақпарат болуға тиіс. 

Үгіт материалдарын ұсынған кандидаттар олардың мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарына, оның ішінде, авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы талаптарға сәйкестігі үшін жеке жауапты болады.

Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген шарттар мен тәртіп, сондай-ақ тиісті шарттың ережелері бұзылған жағдайда, үгіт материалдарының эфирге шығарылуы жүргізілмейді немесе бұзушылық жойылғанға дейін тоқтатылады.

Егер үгіт материалдарында конституциялық құрылысты күштеп өзгерту, республиканың тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыру, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа табыну, сондай-ақ заңнамада көзделмеген әскерилендірілген құрылымдар құру идеялар болса, сондай-ақ оларда партиялық тізімдер бойынша, бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің және мәслихат депутаттығына кандидаттардың ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпарат болған жағдайда, Сайт үгіт материалдарын жариялаудан бас тартуға құқылы.

Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген интернет-алаңдарды беру шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының талаптарына сәйкес түзетілуі мүмкін.

Үгіт материалдарын Сайтта жариялау құны:

Баннер

Баннер (desktop + mobile): 1000х120, 300х250

Орны: баннерді басты бетте, ішкі парақшаларда жариялау

Баннер (mobile): 300х250

Орны: басты бет, ішкі парақшалар

1000 көрсетілім үшін құны: ҚҚС-ны қосқанда 720 тг

Ұсынылатын саны: тәулігіне 150 000 қаралым

Мақала

Басты бет, жаңалықтар таспасы

5 000 символға дейін (5 фотодан артық емес, 1 видео)

Құны: ҚҚС-ты қосқанда 358 400 тг

Көлемі асып кеткенде бір символдың құны: ҚҚС-ны қосқанда 100 тг

Материалдардың барлығындв «Материалды жариялау ақысы ….. төленген» деген белгі болады.

Жасасқан шарт бойынша Сайтта үгіт материалдарын жариялау ақысы Сайттың меншік иесі жасаған төлем шоты негізінде шот шығарылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде төленуі керек.

Сайттың меншік иесі партиялық тізімдер бойынша, бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің және мәслихат депутаттығына кандидаттардың үгіт материалдарын Сайтта жариялау туралы жазбаша өтініштерді тіркелген кандидаттардан демалыс және мереке күндерін қоспағанда, 2023 жылғы 17 ақпаннан бастап Алматы қаласы, Абай даңғылы, 52 В, 606-кабинетте қабылдайды. Өтініштер жұмыс күндері, күн сайын сағат 09.00-ден бастап сағат 18.00-ге дейін қабылданады.

Факсимильдік және интернет байланысы арқылы жіберілген жазбаша өтініштер қабылданбайды.

«Baribar Media» ЖШС-нің директоры Е.Серікбай