Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Жаңбыр, қар, боран: 14-16 ақпан күндері ауа райы қандай болады?

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Синоптиктердің мәліметінше, Атлантикалық циклон Қазақстан аумағы арқылы батыстан шығысқа қарай жылжиды, жұмыс аптасының басталуы бұлтты болады, жауын-шашын негізінен қар түрінде, жаяу бұрқасын, еліміздің батысы мен оңтүстігінде жаңбыр мен қар түрінде, көктайғақ құбылыстарымен бірге өтеді.

16 ақпанда Түркістан және Жамбыл облыстарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болуы мүмкін. Тек республиканың солтүстігінде жоғары қысым аймағы әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Батыста және оңтүстікте жел күшейеді. Ал температуралық фонда өзгерістер болмайды, — делінген хабарламада.