Назарбаев Конституцияның 26-бабын өзгеріссіз қалдыруды ұсынды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі Твиттердегі ресми парақшасында хабарланды.

«Жұмыс тобының отырысы барысында Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Конституциясының 26-бабын бұрынғы редакциясында қалдыруды ұсынды», — делінген хабарламада.
Бұған дейін Д.Қонаев атындағы Еуразия заң академиясының ректоры Өмірәлі Жалайыри да аталған баптың өзгеріссіз қалуы мүмкін екендігін айтқан болатын.
Айта кетейік, Ата заңымыздың 26-бабындағы «Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады» деген сөйлемде «азаматтары» деген сөзді «кез келген адаммен» алмастыру ұсынылып отыр. Осыған байланысты қазақстандықтар арасында шетел азаматтары аталған норманы пайдаланып, жерді жекеменшікке сатып алады деген алаңдаушылық бар.