Қазақстаннан Қытайға жүк тасымалдау көлемі өсті

Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан астығын өткізетін негізгі нарық Орталық Азия елдері екені белгілі, бұл бағыттағы экспорт 11%-ке өсіп, 5,6 миллион тонна болды. Қытайға жеткізілім көлемі айтарлықтай 134%-ке өсіп, 600 мың тоннаға жетті. Бұған контейнерлік тасымалдың дамуы себеп болды, — делінген хабарламада.

Тарттырылған өнімдерді тасымалдауда да оң қарқын байқалды. 2022 жылы ұн тасымалдаудың жалпы көлемі 3,1 миллион тоннаны құрады, оның ішінде экспортқа 2,3 миллион тоннасы шығарылды. Сонымен қатар жүктердің басқа түрлерін, ең алдымен кенді және көмірді тасымалдау айтарлықтай өсті, оларды жеткізу ауқымы да кеңіді. Бұл теміржол инфрақұрылымына жүктеменің күрт өсуіне әкелді.

Компания бүгінгі таңда локомотив паркін кеңейту және жаңарту мәселесі жоспарлы түрде шешіліп жатқанын хабарлады. Бес жыл ішінде 306 локомотив сатып алу жоспарланып жатыр, оның ішінде биыл 109 локомотив сатып алынады.