Оқу орнының хабарлауынша, Асхат Аймағамбетов бүгінгі күннен бастап М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінде дәріс оқиды.
Түрлі ұсыныстар бар, тиісті жоспарларым бар екенін де жасырмаймын. Сұхбатта да айттым. Ол туралы нақты бір-екі күнде белгілі болады. Бірақ оқытушылық жұмысты қандай қызмет болса да бірге алып жүруге болады, сондықтан ағартушылық еңбегімді осылай бірге алып жүріп жалғастырамын, – деді Асхат Аймағамбетов.
Еске салсақ, бүгін Асхат Аймағамбетов Amanat партиясының атынан парламент мәжілісін сайлауға үміткерлер тізіміне енді. Ол 2019–2022 жылдары білім және ғылым министрі, 2022-2023 жылдары Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрі болып қызмет етті.