Еліміздегі әлеуметтік маңызы бар тауарлар қоры миллион тоннадан асты

Биыл республика бойынша 1 миллион тоннадан астам әлеуметтік маңызы бар тауарларының қоры бар. Оның ішінде кәсіпорындарда, көкөніс қоймаларында — 519 мың тонна, қоймаларда – 194,7 мың тонна, сауда желілерінде – 183,3 мың тонна, тұрақтандыру қорларында – 24,4 мың тонна. Әкімдіктер былтыр күзден бастап биылғы маусымаралық кезеңінде нарыққа реттеуші әсер ету үшін көкөніс қорларын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Біз өз тарапымыздан әкімдіктерге «инфляциялық кезеңде» ішкі нарықтың қажеттілігін жабу үшін көкөністер бойынша ұсынылатын көлемді жеткіздік, — деді министр.

Оның дерегінше, картоп бойынша министрлік ұсынатын көлемі 73 мың тонна. Бұл ретте Абай, Ұлытау және Алматы облыстарының әкімдіктері өңірлік сұранысты ескере отырып, қажеттілік көлемін азайтты. Абай облысы әкімдігінің мәліметінше, картопқа деген қажеттілік 2 100 тонна болды және осы көлемде келісімшарт жасалды. Ұлытау облысындада ұқсас жағдай. Алматы облысы әкімдігінің деректері бойынша картопқа деген қажеттілік 727 тонна. Дегенмен, әкімдік келісімшарттың қалған көлемін ұзарту мүмкіндігімен 1 234 тоннаға келісімшарт жасады.