Президент Екібастұздағы жылу мәселесі бойынша тапсырма берді

Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға және Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановқа Екібастұздағы қала тұрғындарының пәтерлерінде және әлеуметтік нысандарда температура режимін тұрақтандыру үшін барлық қажетті шараны қабылдауды тапсырды, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар президент жылыту маусымын және жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарының барысын тұрақты бақылауда ұстауға тапсырма берді.