Қазақстанда 800-ден астам сотталушы рақымшылық алды

Республикалық пенитенциарлық жүйе ведомствосында хабарланғанындай, 2017 жылдың 1 наурызы күні ҚР рақымшылық туралы Заңы қабылданғаннан бастап, барлығы тоғыз мыңнан астам материал сотта қаралған.

Соның ішінде республикада 800-ден астам сотталушы бостандыққа шықты. Тағы үш мың адам қоғамнан оқшауланбай, пробациялық бақылауда жазасын өтеп жүргендіктен, соттың шешімімен босатылған.

Аталып өтілгендей, 1,2 мыңнан астам сотталушының жазасын өтеу мерзімі қысқартылды. Сонымен қатар, түрлі себептермен 60-тан астам сотталушының өтініші қабылданбады. Олардың көбісі қылмыс салдарынан келтірілген залалды өтемеген.

«Алайда, рақымшылық заңында қарастырылған уақыт аралығында залал өтелсе, сотталушының сотқа қайта өтініш беруге мүмкіндігі бар», — деп атап өтті ҚАЖ комитетінде.

ДереккөзInform.kz