Атап айтқанда, Алматыда 4 ақпан күні сағат 12:00-ден 5 ақпан таңғы сағат 08:00-ге дейін №45, 95, 121 бағыттардың сызбалары уақытша өзгереді.
№45 — шығыс бағытта — Тимирязев көшесі – Желтоқсан көшесі — Абай даңғылы — Достық даңғылы — бұдан әрі сызба бойынша, кері бағытта — Достық даңғылы — Абай даңғылы — Желтоқсан көшесі — бұдан әрі сызба бойынша;
№95 және № 121 – шығыс бағытта — Сәтбаев көшесі – Желтоқсан көшесі — Абай даңғылы — Достық даңғылы — бұдан әрі сызба бойынша, кері бағытта – Достық даңғылы – Абай даңғылы – Желтоқсан көшесі – Сәтпаев көшесі – бұдан әрі сызба бойынша.
Сонымен қатар фильм түсіріліміне байланысты 4 ақпанда сағат 12:00-ден 5 ақпан 8:00-ге дейін Назарбаев даңғылынан Желтоқсан көшесіне дейінгі Республика алаңы қозғалыс үшін уақытша жабылады.
Түсірілім барысында түтін, пиротехникалық құралдар қолданылады. Сонымен қатар қатты әрі шұғыл дыбысты көріністер болады. Кейде түсірілім адам көп жиналатын орында да болады, — деп хабарлады әкімдіктен.
