Министр коммуналдық тариф қашан өсетінін айтты

Министр жылу тарифі бәрібір де көтерілетінін айтты. Бірақ әр өңірде әртүрлі өседі. Ең қымбат тариф Екібастұз бен Риддерде болады. Себебі екі қаланың жылу электр орталықтары, жылу желілері әбден тозған.

Осы орайда журналистер Екібастұз бен Риддер халқы үшін тариф қашан өзгеретінін сұрады.

Біз тарифтердің қаншаға өсетінін келіскеннен кейін өзгереді. Біз тұрғындарға ауыртпалық түсіргіміз келмейді. Сондықтан тарифтің өскенін олар сәуір айында сезінуі мүмкін. Яғни сәуірде олар наурыз айы үшін төлейді. Өйткені наурызда күн жылына бастайды, сәйкесінше жылуды аз тұтынады, — деді Қуантыров үкімет кулуарында.