Риддер жылу электр орталығын жаңа инвестор сатып алды

Жылу электр орталығының иесі ауысты. Бүгін сатып алу-сату шарты жасалып, қол қойылды. ЖЭО-ның жаңа иесімен бірге жұмыс істеуді бастап кеттік. Келісімге сәйкес, ол компания қысқа уақыт ішінде орталыққа кем дегенде 7 миллиард теңге инвестиция жасай алатынын банктік есепшоты арқылы көрсетіп, дәлелдеуі керек, — деді Даниал Ахметов.

Аймақ басшысының айтуынша, бұл қаражат ЖЭО-ны күрделі жөндеуге жұмсалады.

Еске салсақ, 26 қаңтарда Риддердегі жылу электр орталығынан өрт шыққан болатын. Бірнеше сағаттың ішінде қызыл жалын ауыздықталды. Кейіннен жылу электр орталығының басшылығына қатысты тергеу жүргізіліп жатқаны хабарланды.