Алтай Көлгінов: LRT жобасы менің құзыретімде емес

Үкімет ғимаратында журналистер Алтай Көлгіновтен Астанадағы LRT жүйесінің тағдыры туралы сұрады.

LRT жобасы менің құзыретімде емес, оны мен қадағаламаймын. Бұл — әкімдік ісі. Сол жерде жұмыс істегенде талай рет айтып, хабардар еттім. 2022 жыл қорытындысы бойынша, құрылыс алға жылжыды деп айтуға болады. Бұл жобаға 50 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінген. Қала әкімдігі қазір жұмысты жалғастырып жатыр: инженерлік желілер тозған, арқалықтар, құрылымдар мен құрылыс конструкциялары дайын, — деп жауап берді Алтай Көлгінов.

Айта кетейік, Астананың жаңа әкімі Жеңіс Қасымбек те LRT жобасы алдағы жылдары аяқталатынына уәде берді.