Астанада LRT құрылысы қашан аяқталады?

Бұл туралы ол Астанада мемлекет басшысының қатысуымен өткен үкіметтің кеңейтілген отырысы аяқталғаннан кейін айтты.

LRT аяқталады. LRT екі-үш жыл ішінде аяқталады. Қаржыландыруға байланысты, — деді Жеңіс Қасымбек.

Сонымен қатар Астана әкімі журналистерге жылдың аяғында дейін елорда тұрғындарымен кездесу өткіземін деп уәде берді.

Осы жылдың аяғында, жыл аяғына дейін кездесемін. Кездесулер басталды, екі күн бұрын үлескерлермен кездестім, мұндай кездесулер күнде өтіп тұрады, — деді Астана әкімі.

Айта кетейік, 8 желтоқсанда Жеңіс Қасымбек Астана әкімі болып тағайындалды.