Елена Рыбакина алғаш рет әлемнің үздік теннисшілері ондығына енді

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингті жария етті.

Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Аустралия чемпионатының финалына дейін жетуі нәтижесінде 25-тен 10-орынға көтеріліп, спорт жолында алғаш рет үздік ондыққа енді.

Сонымен қатар Елена Путинцева 47-ден 44-сатыға жоғарылады.

Жұптық сында Анна Данилина 24-орында тұр.

Еске салайық, бұған дейін Аустралия чемпионатында Елена Рыбакинаның финалда чемпиондық атаққа таласатынын жазған болатынбыз.

Қазақстандық теннисші Australian Open турнирінің финалында беларусь Арина Соболенкоға есе жіберді.