Шымбұлақта үш қабатты рестобар өртенді

Медеу ауданы, «Шымбұлақ» ТШК-да, 3 қабатты «Облака» рестобарында 800 шаршы метр аумақта өрт шықты. (теңіз деңгейінен 3 200 метр биіктікте). Арнайы өрт сөндіру техникасы кіретін жолдардың болмауына байланысты өрт сөндіру ішкі өрт крандары арқылы жүргізіліп жатыр. Сағат 08:05-те өрт оқшауланды, зардап шеккендер жоқ, — деді ТЖМ ресми өкілі Руслан Иманқұлов.