Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабының 2-тармағына сәйкес қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаттары болып:
- Жақып Қажманұлы Асанов;
- Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев;
- Нұртөре Байтілесұлы Жүсіп;
- Ләззат Молдабекқызы Қалтаева;
- Асқар Оразалыұлы Шәкіров тағайындалсын, — делінген жарлықта.
Сонымен қатар президент жарлығымен Қазақстан халқы ассамблеясынан сенат депутаттары тағайындалды:
- Болгерт Евгений Андреевич;
- Кузиев Закиржан Пірмұхамедұлы;
- Ниязова Нурия Исмагиловна;
- Сатвалдиев Әлішер Ғапыржанұлы;
- Шиповских Геннадий Геннадьевич.
Жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.