Депозиттер бойынша берілетін өтемақының сомасы жарияланды

Бұл туралы Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 қаңтарға дейін түскен өтініштер өтемақы алатын барлық салымшының 92,3%-ін құрайды. Өтініш қабылдау 10 ақпанына дейін жалғасады.

Үкімет пен ұлттық банктің арнайы бағдарламасы аясында 5 миллионнан астам депозитке өтемақы төленеді. Статистика бойынша депозиттерінде 1 миллион теңгеден астам ақшасы бар азаматтардың 94%-і өтемақы алуға өтініш берген.

Өтінішті банктердің бөлімшелерінде немесе мобайл қосымша арқылы онлайн беруге болады. Банктер өтемақыны 2023 жылдың 23 ақпанынан кейін төлей бастайды. 10%-тік өтемақы есептелуі мүмкін максималды сома бір банкте 20 миллион теңге, — дейді мамандар.

Айта кетейік, сыйлықақы алудың басты шарты бойынша салым соңғы күнін қоса алғанда 2023 жылдың 23 ақпанына дейін сақталуға тиіс.