Қазақстан-Қытай шекарасы уақытша жабылады

Бұл туралы мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

ҚХР-да көктемді мерекелеуге байланысты 2023 жылғы 21-23 қаңтарда қазақ-қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде тұлғалардың, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайтындығын хабарлайды, — делінген хабарламада.

Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.

Тасымалдаушылардан және барлық шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, — делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да