Қытай халқының саны 850 мың адамға азайды

Бұл туралы ҚХР мемлекеттік статистика басқармасының директоры Кан И мәлімдеді.

2022 жылдың соңына қарай елдегі халық саны 1 411 750 000 адам болып, 2021 жылмен салыстырғанда 850 мыңға азайған. Ерлер саны — 722,06 миллион, әйелдер — 689,69 миллион, 16 мен 59 жас аралығындағы еңбекке жарамды адамдар саны — 875,56 миллион, 60 жастан асқан азаматтар – 280,04 миллион, — деді Кан И.

Оның айтуынша, қала тұрғындарының саны 920,71 миллион болса, ауылды жерлерде тұратындар 7,31 миллионға азайып, 491,04 миллион болды.