Қазақстанда бір аптада 2 514 қылмыс тіркелді

Алдымен елдегі криминогендік жағдайға тоқталайық. Бір аптада 2 514 қылмыс жасалды, оның 1 570-і тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» кісі өлтіруге қатысты – 5, өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруге қатысты 2 қылмысты ашты. Сонымен қатар 23 тонау, 351 мүлік ұрлау қылмысы ашылды, – деді Шұғыла Тұрлыбек ведомствода онлайн өткен баспасөз мәслихатында.

Министрлік ұсынған мәліметке сәйкес, жүргізілген жұмыстар нәтижесінде елімізде қылмыс саны азайып келеді.