Алматы облысында ІІМ мен ҰҚК арнайы операция өткізді

Бұл туралы Polisia.kz сайты хабарлады.

Ресми мәліметке сәйкес, 7 қаңтарда Алматы облысындағы жасырын зертханада синтетикалық есірткі өндірген.

Тінту кезінде 30 келі «мефедрон» психотроптық заты және есірткі өндіруге арналған бір тоннадан астам химиялық реактивтер тәркіленді. Зертхананы ашқан күдікті де ұсталды.

Қазіргі кезде синтетикалық есірткі өндірісіне қажетті жабдықтарды жеткізу арналары және басқа да сыбайластарды анықтау шаралары басталды.

есірткі
Фото: Polisia.kz

Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі («Ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Осы қылмыс үшін он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.