Ақтаудағы техникалық жөндеу орталығында жарылыс болды

Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов айтты.

12 қаңтарда Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің «101» пультіне сағат 18.20-да Ақтаудағы техникалық қызмет көрсету орталықтарының бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Өрт кезінде 6 тұрмыстық газ баллоны жарылды. Бұл ретте, өрт сөндірушілер өмірін қатерге тіге отырып, тағы 17 газ баллонын алып шықты, — делінген хабарламада.

Жалын сағат 18.48-де ауыздықталды. От шарпыған аумақ – 50 шаршы метр.

Оқиға салдарынан техникалық қызмет көрсету орталығының бір жұмысшысы (әйел) қаза болды. Үш ер адам күйік жарақаттарымен Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді. Өрт себебі анықталып жатыр, — деді Иманқұлов.