Балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 30%-ке көбейеді

Министр елдегі 3,7 миллион баланың сапалы білімі мен саналы тәрбиесін және өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін еске салды.

Біріншіден, мектепке дейінгі оқу мен тәрбие саласында тәрбиешінің әлеуметтік мәртебесін арттыру, біліктілік пен кәсіби дамудың жаңа формаларын енгізу арқылы кадрлық әлеуетті күшейту; жалақыны орта есеппен 30%-ке арттыру; мүгедектігі бар  балаларға инклюзив ортада білім алуға мүмкіндік беру үшін «Педагог көмекшісі» штатын енгізу бағытындағы жұмысты жалғастырамыз, — деді министр елордада өткен министрліктің алқа отырысында.

Министрдің айтуынша, әлеуметтік осал отбасылардан шыққан мектеп жасына дейінгі балаларға балабақшада тегін тамақ беру қолға алынады.