Мәжіліс депутаты Бейсенбаевтың өкілеті мерзімінен бұрын тоқтады

Парламент мәжілісінің депутаты Елнұр Бейсенбаев міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы өтініш берді. Осыған орай орталық сайлау комиссиясы сіздердің назарларыңызға Конституцияның 52-бабына, «Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес, мәжіліс депутаты Е. Бейсенбаев өтініш беруіне байланысты оның өкілетін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ұсыныс енгізіп отыр, — деді орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов.

Жалпы отырыста палата депутаттары аталған ұсынысқа дауыс беріп, Бейсенбаевтың өкілетін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады.