Бірқатар өңірде оқушылар қашықтан оқуға ауыстырылды

Қостанайда 33 градус аяз болғандықтан, мектеп оқушылары қашықтан білім алып жатыр. Ауыл мектептерінде де офлайн сабақтар тоқтатылды. Мәселен, Әулиекөл ауданында бүгін минус 39 градусты көрсетіп тұр.

Павлодар мектептерінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының бірінші ауысымындағы 1-11 кластары, колледждердің 1 курс студенттерінің сабақтары қашықтықтан оқыту форматына көшірілді. Қалада ауа температурасы минус 30 градус, жел секундына 5 метр.

Екібастұзда бірінші ауысымдағы 0-4 класс оқушылары қашықтан оқиды. Ауа температурасы минус 27, жел секундына 5 метр.

Қарағандыда ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші және екінші ауысымдағы 0-9 класс оқушыларының сабақтары қашықтан оқыту форматына көшірілді.