Бұл туралы оқу-ағарту министрлігі хабарлады.
2020 жылғы қаңтардан бастап мұғалімдердің жалақысы жыл сайын 25%-ке көтеріліп келеді. Осы уақытқа дейін мұғалімдердің жалақысы екі есеге артты.
Сонымен қатар олардың жалақысына қосымша төлемдер белгіленді. Бұл – біліктілік санаты, магистр дәрежесі, пәндерді ағылшын тілінде жүргізу, дәптер тексеру, класс жетекшілігі, жаңартылған мазмұндағы жұмыс және тәлімгерлік үшін қосымша төлемдер. Педагог мамандығына университеттің үздік түлектері мен «Алтын белгі» иегерлері келе бастады, — деді оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.