Маңғыстау мектептерінде 9 мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеген

Мәселен, Қарақия ауданындағы Аққұдық орта мектебінде еңбек пәнінің мұғалімі жалған дипломмен жұмыс істеген. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабының 3-бөлігі («Көрінеу жалған құжат пайдалану») бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Қарақия ауданының соты оған 25 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу туралы үкім шығарды.

«Ұқсас деректер Ақтау қаласындағы екі мектепте (қазақ тілі мен қазақ әдебиеті), Жаңаөзен қаласындағы үш мектепте (орыс тілі, бастауыш сынып мұғалімі), Мұнайлы ауданындағы екі мектепте (бастауыш сынып мұғалімдері), Бейнеу ауданындағы бір мектепте (бастауыш сынып мұғалімі) анықталды. Оларға қатысты соталды тергеу амалдары басталды», — делінген хабарламада.

Оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.