Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды

Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Александр Данилов 1991 жылы 16 желтоқсанда Қарағандыда туған.

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген.

Еңбек жолын қоғамдық секторда бастаған, әр жылдары бірқатар жастар қоғамдық ұйымының басшысы болған. Сонымен қатар жеке ұйымдарда басшылық қызметтерді атқарды.

2020 жылғы шілдеден 2022 жылғы қаңтарға дейін Stopfake.kz жобасының жетекшісі болды.

2022 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметін атқарды.