Бас прокурор қаңтар оқиғасын ұйымдастырудағы Мәсімовтің рөлін айтты

Мәжіліс кулуарында журналистер бас прокурордан жаппай тәртіпсіздіктердің басты ұйымдастырушысы кім екенін сұрады.

Мемлекеттік төңкеріс жасауға дайындық болды, қастандық жасалды. Бүгін айтқанымдай, негізгі ұйымдастырушылар ретінде ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшылығы – К. Мәсімов пен оның орынбасарларына қатысты қылмыстық іс қозғалды, — деп жауап берді бас прокурор.

«Кәрім Мәсімов – бас ұйымдастырушы ма?», — деп сұрады тілшілер.

Солай деуге болады, — деп жауап берді Берік Асылов.